«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 10 мамырдағы № 543 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 10 мамырдағы № 543 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер, әскери жиын кезеңінде әскери кафедра студенттері, әскери оқу орнына оқуға түсу кезінде әскерге шақырылушылар, оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және «Жас ұлан» республикалық мектептерінде казармалық жағдайда болатын кандидаттар, сондай-ақ резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер (бұдан әрі - жабдықталымдағы адамдар) үшін тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін мынадай жағдайда айқындайды:

1) әскери бөлім күшімен жабдықталымдағы адамдарға тамақ дайындау үшін азық-түлік өнімін жеткізу кезінде;

2) мемлекеттік сатып алу жолымен коммерциялық құрылым арқылы жабдықталымдағы адамдарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде;

3) жабдықталымдағы адамдар үшін жеке тамақтану рационын (бұдан әрі - ЖТР) беру кезінде;

4) жабдықталымдағы адамдар үшін тиесілі азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы беру кезінде.»;

25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.